Серіктестік
Өтінім қалдыру

info@akordasy.kz 8 (701) 777-33-94

ОҚО компаниясы үнемді әрі сапалы баспана салу ісін ұсынып отыр

«Ak ordasy building» ЖШС зауыты  «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылған және «Қазақстанның индустрияландыру картасы 2010-2014 жылдары» қатарына кірген.

Корпорация төрағасы Ибадулла Қалыбеков американдық технология бойынша 500 үй салу әдісін ұсынады. «Модульдік үйлердің құрылысы ҚР құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес орындалады. Құрылыстың жоғары қарқыны, модульдік үйлер құрылысының толық циклі жобаның күрделілігіне байланысты екі аптадан екі айға дейін созылады және ҚМЖ - ға Мемлекеттік лицензиясы бар», - деді төраға қысқа мерзімде тұрғын үй салу мүмкіндіктерін таныстыра отырып.

Сонымен қатар ол үйлердің аумағында жылыжайлардың салынатынын түсіндірді. Айта кейтейік, Шымкентте аталмыш әдіспен салынған тұтас шағын аудан бар. «AQ ORDASY» корпорациясы ЖШС іске асырған бұл жобаның бірегейлігі Асар шағын ауданы бұл жай ғана елді-мекен емес, басқа елден оралған қандастарымыздың көшуі кезінде орын алатын қиындықтарды хабарлай отырып шешуге мүмкіндік беретін жайлы өмір сүруге арналған тұтас кешен. Ауданы 10 соттық болатын әр учаскеде 0,3 га жылыжай бар.

Мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша компания «Асар» ш/а 1 725 коттедж салған. Аталмыш жобаға сәулетшілер тұрғындардың отбасылық құрамы мен талғамдарын ескере отырып коттедждердің 3 нұсқасын ұсынған.

«AQ ORDASY» корпорациясы ЖШС Қазақстан бойынша құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жүзеге асырады. Компанияның қызметтерінің қатарына жұрғын үйлерді, коммерциялық нысандарды бастан-аяқ салу, жөндеу жұмыстары мен қайта құру жұмыстары кіреді.

Өтінім қалдырыңыз және менеджер сізге хабарласады